369.54 425.20 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Опера» театры «Тамсандырған Моцарт әуендері» концертін ұсынады

  • 771
  • UPD: 12:02, 08.01.2018
«Астана Опера» театры «Тамсандырған Моцарт әуендері» концертін ұсынады

Дарынды жас пианист Клим Пак және дирижер Арман Оразғалиевтың жетекшілігімен «Астана Опера» театрының камералық оркестрі астаналық тұрғындар мен қала қонақтарына «Тамсандырған Моцарт әуендері» концертін ұсынады.

10 қаңтар күні театрдың камералық зал сахнасында ұлы австриялық классиктің туындылары шырқалады.

Халықаралық байқаулардың лауреаты, болашағынан көп үміт күттіретін астаналық жас пианист Клим Пак П.И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы Орталық музыкалық мектептің бірінші курс студенті болып табылады.

Клим Пак камералық зал сахнасында концертпен өнер көрсету мүмкіндігін IV Халықаралық классикалық музыка фестивалі мен Astana Рiano Passion жас пианистер байқауында «Астана Опера» театрынан арнайы жүлде ретінде алған еді, фестивальдің көркемдік жетекшісі – Ресейдің Халық әртісі Денис Мацуев. Бұдан бөлек, Клим Пак Астана қаласы әкімі сыйлығының иегері атанды.

Атап өтер болсақ, В.А. Моцарт музыкалық ой-толғамның одан әрі дамуына маңызды әсер еткен өшпес туындылар жасап, өз дәуіріндегі барлық үлгі мен жанрда жазған болатын. Ұлы композитор опералық және симфониялық музыкаға толымды үлес қосып, классикалық концерт жанрын қалыптастырушылардың бірі болған.

Осы кеште композитордың ең бақытты күндерінде жазылып, В.А.Моцарт шығармашылығының асыл қазынасына енген туындысы – фортепиано мен оркестрге арналған №14 концерт шырқалады.

Хабар 24 телеарнасы