369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Қазақ хандығы» фильмі көрермен назарына жыл соңында ұсынылады

  • 950

Қасиетті Түркістан шаhарының облыс орталығы ретінде таңдалуында терең мән бар.

«Елбасы бұл шешімі арқылы руxани бетбұрысқа пәрмен беріп отыр», – дейді «Қазақ хандығы» кинотуындысының екінші маусымын түсіріп жатқан киногерлер.

Қамбар Бекенов, тілші:

– Фильм түсіруші топ өкілдерінің айтуынша, түсірілім жұмыстары аяқталуға жақын, өңделуден өткен туынды жыл аяғына дейін көрермендер назарына ұсынылмақ.

Ғасырлар сырын бүккен тарихтың тәбәрігі саналатын Түркістан қазақ хандығының құрылуы, қалыптасуы жолында орасан зор маңызға ие. Ел үшін еңіреген Есім, Абылай, Әбілқайыр хандардың сүйегі жатқан киелі топырақтан күллі қазақ таралғандай, нәр алғандай. Ұлт болып ұйысу жолындағы талай шайқас пен зобалаңдарға осы Түркістанның топырағы куә. Сондықтан «Қазақ хандығы» фильмінің 2-маусымында түсірілім тобы Түркістанға көп тұрақтады.

Руханият өкілдері Түркістанға лайықты мәртебесін беру шешімі Түркістанның өнер, мәдени саласына тың серпін әкелері сөзсіз екенін айтады.

Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

– Халық үшін керемет дүние болды. Түркістан – қазақтың рухани астанасы. Рухани астанаға Президенттің өзі бірнеше рет келіп-кетіп жүрді.

Рүстем Әбдірашев, режиссер:

– Кеше Жәнібек сұлтанның қазақ ханы болып, ақ киізге көтерілген эпизоды түсірілді. Сол күні кешкісін теледидардан, газеттен, ғаламтордан естіп жатырмыз. Түркістан облысы болып аталатын болыпты. Ол да тарихтың заңды түрде оралғаны деп есептеймін. Заманның өзгергені – елдің елдікке, тарихқа деген бетбұрысының дұрысталғаны.

Шамырза Мәдәлиев, өзбек этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары:

– Тарихи Түркістан үшін тарихи мүмкіндіктердің бастауы деп айтуға болады. Алға қарай дамыған 30 елдің қатарына қосылу, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында қойылған міндеттерді енді Түркістан қаласы жаңа серпіліспен өзіндік үлесін қосуға кіріседі деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы