352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Степногорск қаласындағы музейде кәсіпорындарға арналған зал ашылды

  • 209
Степногорск қаласындағы музейде кәсіпорындарға арналған зал ашылды

Ақмола облысындағы өндірістік қала Степногорға келген қонақтар мен қала тұрғындары енді маңайдағы зауыт-фабрикаларды бір жерден танып, біле алады.

Себебі қаладағы тарихи-өлкетану музейінен өнеркәсіптік кәсіпорындарға арналған зал ашылды. Мұнда жергілікті 13 ірі өндіріс ошағының шағын макеті мен олар өндіретін өнімдер қойылған. Жаңа залдан қарапайым тастан бастап, түрлі бағалы металдарға бай рудалар кездеседі. Саф алтын да көпшіліктің назарын аударады. Сонымен қатар, мұнда өндірістік шаһардың өркендеуіне үлес қосқан жұмысшылардың портреті қойылды. Алдағы уақытта экспонаттар қатары толыға түседі екен. 

Майра Нұржанова, музей меңгерушісі:

- Осы Степногорға келген қонақтар Ресейден, Белорусия, Украина, Польша, Германиядан келген туысқандары, құрбы-құрдас, жолдастары, баяғыда мұнда жұмыс істеген таныстарына келген қонақтар біздің мұражайға жәй емес, кіріп кетті. Көрсе де біздің мынау жаңа сәнге сай бөлмемізді, залымызды көріп, таң қалып жатыр. Қалай сақтадыңыздар? Қалай қызық барлығы.

Хабар 24 телеарнасы