USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Демалыс күндері уақытша тіркеуден 16 мыңнан астам өтті

  • 309
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Демалыс күндері уақытша тіркеуден 16 мыңнан астам өтті Otyrar.kz

Уақытша тіркеуге байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс тәртібін өзгертті.

Бұдан былай орталықтар 08:00-ден 20:00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс істемек.

Естеріңізге сала кетейін, мемлекеттік қызметтер көрсететін мекемелер өткен демалыс күндері де ашық болды. Сенбі күні ел бойынша 9 мыңнан астам, ал жексенбі 7 мыңдай адам уақытша тіркелді. Тағы бір айтып кететін жайт. Енді азаматтар тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеуден кез келген Халыққа қызмет көрсету орталығынан өте алады.

Дәулет Бекманов, Мемлекеттік қызметтер көрсету дирекциясы директорының орынбасары:

- Мысалы, Астанада тұрсаңыз, сіз тіркелетін мекенжайыңыз Сарыарқа ауданында. Ал сіз жұмысыңызға байланысты Сарыарқа ХҚКО-ға бара алмайсыз. Сізге Есіл ауданы ыңғайлы. Сол себепті сіз Сарыарқаға емес, Есіл ауданына барып тіркеле аласыз. ХҚКО-ға келмей электронды тіркелу қазір болмайды. Бірақ біз ол қызметті электронды көрсетуге дайынбыз. Егер ІІМ келісімін берсе, біз ол қызметті электронды порталға жасауға дайынбыз.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top