USD 330.25 EUR 392.65 РУБ 5.58

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Қыркүйектің соңында елімізде қар жауады

  • 1923
  • Материалды бағалаңыз
    (1 Vote)
<span class=favorites>Қыркүйектің соңында елімізде қар жауады</span> Фото: vesti-ukr.com

Қыркүйек айының басында жылы ауа райы сақталғанымен, еліміздің батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жаңбырлы болады.

Алдын ала болжамға сәйкес, келесі аптада суық ауа массасының келуімен Қазақстанның барлық аумақтарында найзағай күркіреп, жаңбыр жауып, ауа температурасы бірте-бірте төмендейді деп күтілуде.

Қыркүйектің 4-7 күндері батыста түнде 12-20 градус жылы, күндіз 20-28 градусқа дейін жылы болса, 6-8 қыркүйек аралығында еліміздің солтүстігінде және орталығында, 8-10 қыркүйекте шығыста түнде 7-15 градус жылы, ал күндіз 17-25 градусқа дейін жылы болады. 6-8 қыркүйек аралығында оңтүстікте түнде 12-20 градус жылы, күндіз 22-30 градусқа дейін жылы, ал 8-10 қыркүйек аралығында оңтүстік-шығыста түнде 10-18 градус жылы, ал күндіз 20-28 градусқа дейін жылы болмақ.

Орталық Азия аймақтарынан жылы ауа массасының келуімен ауа температурасы қайтадан бірте-бірте жоғарылайды: солтүстіктің кейбір бөлігінде күндіз 22-30 градусқа дейін жылы, оңтүстіктің кей бөлігінде күндіз 27-35 градусқа дейін жылы болады.

Алдын ала болжам бойынша, қарқынды салқын толқындары айдың үшінші онкүндігінде күтіліп отыр. Еліміздің солтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, арты сулы қарға айналуы мүмкін. Ауа температурасы төмендейді: солтүстіктің кей аудандарында түнде 3 градус аяз және +5 градус арасында, ал күндіз 7-15 градус жылы болады. Ал оңтүстіктің жарты бөлігінде түнде 2-10 градус жылы, күндіз 17-22 градус жылы болады. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top