USD 332.21 EUR 388.95 РУБ 5.61

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Латын әліпбиіне көшу Қазақстан халқының бірлігін арттыра түседі

  • 132
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Латын әліпбиіне көшу Қазақстан халқының бірлігін арттыра түседі

«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінен өзге тілдерге еш нұқсан келмейді.

Қайта ол көпұлтты Қазақстан халқының береке-бірлігін, ынтымағын арттыра түседі», – дейді Талдықорғандағы ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілері.

Аталған мәселеге арналған жиында латын әліпбиіне қайта оралу жайы қызу талқыланды. Сондай-ақ оның интеграциялық үдерістерді біршама жеделдетіп, тілдік кедергілерді жоюға оң ықпал ететіні айтылды.

«Елімізде латын әліпбиінің екі түрлі варианты ұсынылғаны белгілі. Бұл мәселеде міндетті түрде ғалымдардың пікірімен санасу керек», – дейді Ассамблея мүшелері.     

Ғабит Тұрсынбай, Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары:

– Қазір біз сол әліпбидің қайсысы тиімді, қалай еткенде біз осы оңай әрі болашақта әліпбиді қалай пайдаланамыз деген мәселені талқыға салып отырмыз. Жалпы бұл латын әліпбиіне көшу дегеніміз, әлемдік интеграцияға қазақ тілінің тікелей, ешбір тілдің аралық кезеңінен өтпей, интеграциялануына жол ашады деп сенеміз. 

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top