USD 329.97 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Әлем саясаткерлері Астана процесін ерекше бағалады

  • 70
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Әлем саясаткерлері Астана процесін ерекше бағалады

Қазақстан қарулы қақтығыстарды шешу жолында халықаралық аренада айрықша беделге ие.

Бұл туралы бүгін Астана клубының III отырысына қатысқан  әлемнің сақа саясаткерлері айтты. Мәртебелі меймандар еліміздің жетістіктерін жіпке тізе келе, Астана процесіне ерекше тоқталды. Тараптар бүгінде күллі әлем көз тігіп отырған Сириядағы сергелдеңді тұрақтандыру жолында еліміздің еңбегі ерен екенін айтты. «Бірегей келіссөздер алаңын ұсынған Қазақстан бүгінде күллі әлемге үлгі болып отыр», дейді мамандар. «Үлкен Еуразия – 2027: конфронтация және серіктестік» деп айдар таққан жиын өте нәтижелі өтті», дейді саяси элита өкілдері. Естеріңізге сала кетейік, шарапаты мол шараға жалпы 29 мемлекеттен 60-тан аса саясаткер мен сарапшылар қатысқан болатын.

Давид Чикваидзе, БҰҰ Женева бөлімінің бас директоры аппаратының жетекшісі: 

– Астана клубының әлеуеті зор және оның жетістіктері жетіп артылады. Себебі дәл осы жиында жаһандағы өзекті де өткір мәселелер жан-жақты талқыланды. Осы орайда дүние жүзінде қарулы қақтығыстардың жиілеп, кейбір бейбіт елдерден береке қашып отырғанына куә болып отырмыз. Яғни Астана клубының бүгінде маңызы мен мазмұны зор.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top