USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Германияда «Астана» ХҚО-ның тұсаукесері өтті

  • 116
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Германияда «Астана» ХҚО-ның тұсаукесері өтті

Шара Еуропаның танымал инвесторлары мен қаржыгерлері жиналған Франкфурттегі экономика аптасы аясында ұйымдастырылған.

Қатысушы компанияларға орталықтың негізгі қызметі мен болашаққа жоспары баяндалды.

Орталық Азия елдеріне арналған қаржылық хаб «Астана» Халықаралық қаржы орталығы 2018 жылдың қаңтарында өз жұмысын бастайды. Сарапшылардың пікірінше, онда ЕАЭО маңызды рөл атқаратын болады. Сол себепті де Франкфуртте өткен тұсаукесерге ЕО-ға танымал кәсіпкерлер, инвесторлар мен қаржыгерлер жиналды. Ал орталықтың кемел болашағы жайлы оның басқарушысы Қайрат Келімбетов жіті баяндады. Оның айтуынша, жаңа мекеме Нью-Йорк, Лондон, Сингапур, Дубайдың үздік тәжирибелерін қолданып, ағылшын құқығы принциптері мен нормалары аясында жұмыс істейді. 

Кайрат Келімбетов, АХҚО басқарушысы:

– 1 қаңтардан бастап «Астана» ХҚО компанияларды тіркеу жұмысын қолға алады. Бұл Елбасының 2015 жылы айтқан бастамасы негізінде жүзеге асып отыр. Орталықты іске қосу үшін Конституцияға өзгертулер енгізіліп, «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы заң қабылданды. Енді келесі жылдан бастап, инвестиция тарту операциясын белсенді түрде бастауды жоспарлап отырмыз. Біз үшін Еуропадағы үздік биржа «Дойче Börze» және «Дойче Банк», «Коммерцбанк» институттарымен ынтымақтастық орнату аса маңызды.

Тұсаукесерден соң талқылаулар панельді пікірталаста жалғасын тапты. Германияның үздік қаржы институтының басшылары өз қызығушылықтарын жасырмады. Олардың айтуынша, АХҚО-ның Орталық Азиядағы көшбасшыға айналуына барлық мүмкіндіктері бар. Заманауи тәсілдер мен экономиканың дегитализациясы Қазақстанға көптеп шетелдік инвесторлар тартуға көмек бермек.

Петер Тильс, Deutsche Bank Орталық және Шығыс Еуропа бойынша аймақтық директоры:

– Бұл – өте маңызды оқиға. Менің ойымша, болашақта ол Азия бойынша маңызды рөл атқарады. Қазақстандық мекеме Франкфурттың қаржы орталығымен әріптестік орнатуы мүмкін. Неміс инвесторлық компаниялары Қазақстанның ауқымды банктерімен жұмыс істеп, пайда табады деген сенімдемін. Нәтижесінде банк секторында жаңа инновациялық қызметтер мен тауарлар пайда болуы мүкін.

Клаус Мангольд, Rothschild банкі қадағалау кеңесінің төрағасы:

АХҚО Қазақстанның даму болашағы үшін маңызды рөл атқарады. Енді тек қазақ елі үшін ғана емес, Азияның бизнес қауымдастығы үшін мықты негіз қалыптасады. Мен Қазақстан халқы мен Президентін Астанада қаржы орталығының құрылуымен құттықтаймын.

Еуропалық сарапшылар «Астана» қаржы орталығы Қазақстан үшін көптеген жаңа мүмкіндіктер ашатынына сенімді. Елдің жалпы ішкі өнім көрсеткішін арттырып қана қоймай, экономиканы заманауи және халықаралық нарықта бәсекеге қабілетті ететінін ерекше атап өтті. 

Авторлары: Шолпан Найманбаева, Милослав Лавриновский

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top