USD 334.92 EUR 396.70 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Ақмола облысындағы балалар үйіне күрделі жөндеу жүргізіледі

  • 110
  • Бейне
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Ақмола облысындағы балалар үйіне күрделі жөндеу жүргізіледі

Ақмола облысындағы психикалық ауытқуы бар жетімдерге арналған жалғыз балалар үйі еліміз тәуелсіздік алғалы бері мүлдем күрделі жөндеу көрмеген.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдары салынған ғимараттың қазір шатыры тозып, есік-терезелері әбден ескірген. Дегенмен мекеме ұжымы да қарап отырған жоқ. Қолдан келгенше ақтап, сырлап, ескі ғимаратты барынша күтіммен пайдаланып келеді.

Қазір мұнда 7-ден 17 жасқа дейінгі 70-тен астам ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тұрады. Олар үшін мұнда барлық жағдай жасалған. Тек тозған қондырғылар мен ескі жиһаздар әлеуметтік нысанның сәнін кетіріп тұр.

Ал көптен күткен күрделі жөндеу жұмыстары келесі жылы жүргізіледі деген жоспар бар. Қазір оның жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесі қарастырылып жатқан көрінеді. Бұйыртса, 2018 жылы облыстық бюджеттен қажетті қаражат бөлініп, жөндеу жұмыстары басталады.

Юлия Алдажарова, балалар үйі директорының міндетін атқарушы:

- Күрделі жөндеу жұмыстары ғимараттың алдыңғы жағында, шатырында және барлық оқу және жатын ғимаратта толықтай жүргізіледі. Аула да абаттандырылады. Су жаңа жылу қазандығы мен киім жуатын комбинат та салынады.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top