USD 345,55

EUR 401,20

РУБ 5.48

Алматы облысындағы медицина мекемелеріне 51 жедел жәрдем көлігінің кілті тапсырылды

Алматы облысындағы медицина мекемелеріне 51 жедел жәрдем көлігінің кілті тапсырылды

Соңғы 5 жылда Алматы облысындағы денсаулық сақтау ұйымдарына 200-ден астам көлік берілген.

Биыл өңірде 17 жаңа нысан салынса, оның көбі – дәрігерлік амбулаториялар мен фелдшерлік-акушерлік бөлімшелер. Бұл мақсатқа қазынадан 1,7 миллиард теңге бөлінген. Соңғы екі жылда аймақтағы медицина мекемелеріне 300-ге жуық жас маман келіпті. Олар қазір қала мен шалғай ауылдарда қызмет көрсетіп жүр. 50-ден астам дәрігер шет мемлекеттерде болып, тәжірибе жинаған.

Қымбат Исафина, қалалық емхананың дәрігер-кардиологы:

– Осы күнге дейін жедел жәрдем көліктері жеткіліксіз болатын.. Биыл көліктер берілді. Енді қызмет көрсету сапасы жоғарылай түседі деп ойлаймын. Өйткені медицина қызметкерлері шақыруларға уақытында жетуі керек.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде