USD 344,58

EUR 401,20

РУБ 5.50

БҚО-да жаңа сауықтыру кешені ашылды

БҚО-да жаңа сауықтыру кешені ашылды

Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданының тұрғындары мереке қарсаңында зор қуанышқа кенелді.

Аудан орталығы Переметное ауылында денешынықтыру-сауықтыру кешені ашылды. 1200 шаршы метр аумағы бар нысанның құрылысына жергілікті бюджеттен 281 млн теңге жұмсалған. Мұнда өрендер футбол, баскетбол, волейбол секілді спорт түрлерімен қатар қазақ күресінің, самбоның, дзюдо мен каратэның қыр-сырын меңгере алады. Биыл өңірде 2 денешынықтыру-сауықтыру кешені, 34 спорттық алаң салынып, пайдалануға берілді.

Жангүлім Есболова, каратэден Қазақстан чемпионы:

– Денсаулыққа пайдалы нысанның ашылып жатқаны бізді қуантты. Осы жерге енді жарыстарға келеміз. Жаңадан ашылып жатқан соң жарыстар жиі болады деп ойлаймын.

Данияр Елеусінов, олимпиада чемпионы:

– Жастарға жақсы жағдай жасалып жатыр. Осындай спорт кешендерінен талай спортшылар шығатыны сөзсіз. Болашақ чемпиондар күтеміз. 

Хабар 24 әлеуметтік желілерде