Қызылорда облысында осы жылдың 8 айында 144 мемлекеттік қызметкер жемқор деп танылған
- 194
- Бейне

Қызылорда облысында атқарушы органдар әлі күнге дейін сыбайлас жемқорлықтан арыла алмай отыр.
Бұл өңір қазір еліміз бойынша екінші орында тұр. «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында осындай деректер айтылды.
Қоғамдық кеңес мүшелері жуырда Қызылорда облысында болып, жергілікті атқарушы органдардың жұмысын зерттеп көрген. Осы жылдың алғашқы 8 айында 144 мемлекеттік қызметкер жемқор деп танылып, ісі сотқа жіберілген. Көбі пара алып ұсталған екен. Арасында қызмет бабын асыра пайдаланғандар да бар.
Дулат Құсдәулетов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
– Қызылорда облысының жұмыстарымен барып танысып қойғаннан кейін, партия ұйымдарының жұмыстарын қарадық. Құқық қорғау органдарының материалдарын қарадық. Партия төңірегінде азаматтарды қабылдадық.
Осы тақырып бойынша
- Арнайы мониторинг тобы Атырау облысындағы ауыл халқымен жүздеседі
- Қызылорда облысында есірткі саудасымен айналысқан 27 жастағы азамат қамауға алынды
- Сыр өңірінде шегірткемен күрес күшейтілмек
- «Арнайы мониторинг тобы» Маңғыстау облысындағы мемлекеттік қызмет сапасын тексерді
- Қызылорда облысында коммуналдық төлемдерді терминал арқылы төлейтіндер саны едәуір артқан