USD 324.93 EUR 401.65 РУБ 5.72

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      



Елбасы жолдауын өзбекстандық ғалымдар қызу қолдады

  • 159
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Елбасы жолдауын өзбекстандық ғалымдар қызу қолдады

Жаһандану заманында барлық елдер дүние көшінен қалмауға ұмтылады.

Ал «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты он міндет азат елді көшбасшылыққа жеткізеді. Қазақстандағы жаңалықтарды қалт жібермей қарап отыратын көрші ел ғалымдарының жолдау туралы пікірі осыған саяды. «Басты құжатта Мемлекет басшысының білім саласына баса мән беруі ұлттың ұлылығын көксейді», – дейді өзбек ұлтының өнер өкілдері. Ал Өзбекстандағы қазақ балаларына арнап оқулық жазып жүрген акдемик Қалдыбек Сейданов: «үш тұғырлы тіл ұлы мақсаттарға жетелейді. Түбінде жаңарған әлемді білімді ел ғана басқарады», – деп отыр.

Мирполат Мирза, Өзбекстанның мәдениет қайраткері:

- Қандай да бір ел, мемлекет болсын білімге күш салса, олар дүние сахнасының алдыңғы шебіне шығады. Бұл жерде Қытай мен Американы және Жапонияны мысалға келтіруге болады. Демек Президент ғылымға ден қою арқылы оны дамыту елдің жарқын болашағы екенін нықтап көрсетіп берді.

Қалдыбек Сейданов, Өзбекстан Республикасы «Тұран» академиясының академигі: 

- «Білім – бақыт жібермейтін қазығы. Білімсіз бақ әлде кімнің азығы» дейді. Шынында да білімді адамдар – мемлекеттің бірден-бір тіреушісі. Бірден-бір бағы, бірден-бір болашағы. Екі президенттің екеуі де бүкіл мемлекеттің, өз халқының әлемдік деңгейге көтерілуіне мән беруде. Мұның барлығы содан туындап жатқан ойлар, ұлы идеялар.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top