USD 326.17

EUR 402.05

РУБ 5.34

Былтыр Жамбыл облысында 38 мың адам екі қолға бір күрек тапқан

Былтыр Жамбыл облысында 38 мың адам екі қолға бір күрек тапқан

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы Жамбыл облысы тұрғындары үшін жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір жолына айналды.

Олай деуге негіз жоқ емес. Былтыр әкімдіктегілер 25 мың тұрғынды еңбекпен қамтуды жоспарлапты. Ал жыл соңында 38 мың адам екі қолға бір күрек тапқан.

Тауық жылы еңбекпен қамтылған жамбылдықтардың бірі – Светлана Сушкова. Бұған дейін ол тәтті тағам пісіретін цехта жұмыс істеген. Осылай әр жерде еңбектеніп, нәпақасын маусымдық немесе уақытша жұмыс істеп тауып келді. Жуырда мемлекеттік бағдарламаның шарттарымен танысып, жергілікті халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінген.

Светлана Сушкова, шаштараз:

Жұмыспен қамту орталығына бардым. Жұмыссыз ретінде тіркеліп, үш айлық оқу курсынан өттім. Соның арқасында міне шаштараз болып, еңбек етіп жүрмін. Жұмыс табу да қиын болған жоқ. Орталыққа мамандар қажеттілігі туралы сұраныс алдын ала жасалып қойған. Негізінен ер азаматтардың шашын қысқартамын.

Облыста Светлана сияқты 6500-ге тарта тұрғын кәсіби оқытудан өткізіліп, 651 адамға шағын несие берілді. Тағы мыңнан астам жамбылдыққа кәсіпкерлік негіздері үйретілді. Оған қоса аймақта қайта оқытудан өтіп, жұмыспен қамтылған тұрғындардың саны артқан.

Сейдахмет Сейтбеков, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:

Қысқа мерзімді оқуға 6308 адамды оқытсақ, 6400-ден аса адамды оқу бітірді. Оның 50 білім ордаларында 48 мамандық бойынша оқыттық. Бұл бұрынғы жылдарға қарағанда өте көп. Ал енді биылғы жылы 2018 жылы 4100 адамды қысқа мерзімді оқытуымыз керек. Соған қазір жұмыстар жүргізіп жатырмыз.

Аймақта былтыр 25 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту көзделген. Сала мамандарының айтуынша, бұл жоспар 49 пайызға артық орындалып отыр. Биыл тағы 4100 адам қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өткізіліп, жұмыссыздық деңгейі төмендетілмек. 

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан, Руслан Ахатіллә

Хабар 24 әлеуметтік желілерде