USD 318.80

EUR 398.64

РУБ 5.67

13 ақпан күні еліміздің бірнеше аймағында жел күшейеді

  • 171
13 ақпан күні еліміздің бірнеше аймағында жел күшейеді Delfi

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, Қазақстан аумағы бойынша тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауып, желдің күшеюі күтіледі.

Қазақстанның шығысында, солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Кей жерлерде тұман болып, еліміздің солтүстік-батысында жаяу бұрқасын, оңтүстік-батысында көктайғақ күтіледі.

Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 18-23 м/с күшеюі сақталады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болып, жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, түнде көктайғақ болады. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.  Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Ақмола, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

back to top

Хабар 24 әлеуметтік желілерде