Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша 221 жер үй салынады - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 359,46

EUR 409,95

РУБ 5.43

Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша 221 жер үй салынады

Петропавлда «Нұрлы жер» бойынша 221 жер үй салынады

Биыл Петропавлда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 211 жер үй салынып, жаңа шағынаудан пайда болады. 

Қазір қала шетіндегі «Солнечный» кентіне инфрақұрылым тартылып, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Петропавл қаласының шетіндегі «Солнечный» кенті құрылыстың алып алаңына айналғандай. Бұл жер жазық дала еді. Былтыр ел қазынасынан 1 млрд 300 млн теңге бөлініп,

Су мен жарық тартылды. Жол да салынады. Ал биыл алғашқы 72 жер үйдің іргетасы қаланып, қазығы қағылды. Қазір 16-сының қабырғасы көтеріліп, шатыры жабылған. Олардың құрылысына «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 600 млн теңгедей қаржы қарастырылған. Баспаналардың барлығы бірдей болады. Жалпы аумағы 72 шаршы метрден. Тұрғын үйлерді жер кезегінде тұрғын адамдар ала алады. Жалпы, бұл болашақта үлкен бір ықшамауданға айналады.

Мұнда алдағы 3 жылда осындай 2 мыңнан астам жер үй бой көтереді.

Сонымен бірге биыл қалада «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 11 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл 1 жарым мыңдай отбасы баспаналы болады деген сөз.

Авторы: Айдарбек Айтмұхамбетұлы

Хабар 24 әлеуметтік желілерде