USD 338.78

EUR 388.90

РУБ 5.38

Жамбыл облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар нысан бой көтермек

  • 147
Жамбыл облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бірқатар нысан бой көтермек

Жамбыл облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде 10 жоба жүзеге асырылады.

Жоспар орындалса білім, денсаулық сақтау, спорт, көлік және жолдар құрылысы саласында бірқатар нысан салынады. Қазір өңірде бір спорт нысанының құрылысы басталып, қалғандарына қатысты келіссөздер жүргізілуде. Бұл туралы жобаларды жоспарлау және іске асыру жөніндегі ақпараттық-насихаттау жұмыстары бойынша өңірлік семинар барысында айтылды. Шараға оңтүстік аймақтар мен Алматы қаласының мемлекеттік органдары және жобаларды іске асыруға ниетті кәсіпкерлер қатысты. Жалпы елімізде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында мыңға жуық жоба әртүрлі деңгейде іске асырылып жатыр. Қол қойылған 215 жобаның 200-і өңірлерде қолға алынып отыр. Олардың басым көпшілігі білім мен денсаулық сақтау саласына бағытталған. Семинарда мұны одан ары дамытып, тиімді жүзеге асыру тетіктері талқыланды. Сонымен қатар мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер таныстырылды.

Талғат Матаев, «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары:

– Бұрын бір жобаны асыру үшін бір жылға дейін уақыт кететін еді. Қазір біз өзгерістер енгізілгеннен кейін 3 айдан жарты жылға дейін қысқартып жатырмыз. Бұрын жалпы 5 кезең болатын болса, қазір біз 3 кезеңге дейін қысқарттық. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалар көбейеді деп күтіп отырмыз.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде