361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккен 8 жолаушы амбулаториялық ем алады

  • 222
Жамбыл облысында пойыз апатынан зардап шеккен 8 жолаушы амбулаториялық ем алады Today.kz

Жамбыл облысында пойыздың рельстен шығып кетуінен зардап шеккен сегіз жолаушы кеше кешкісін Алматыдағы №4 клиникалық ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы бүгін қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Жолаушылар басынан жарақат алып, шекелері сырылған. Сондай-ақ жамбас-сан еттері, көкірек және құрсақ қуысы зақымданған. Дәрігерлердің тиісті тексерулерінен кейін зардап шеккен сегіз жолаушы да амбулаториялық ем қабылдауға жіберілді. 

Хабар 24 телеарнасы