352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде жедел жәрдем қызметінің орташа жету уақыты 7 минутқа қысқарды

  • 562
Елімізде жедел жәрдем қызметінің орташа жету уақыты 7 минутқа қысқарды Tengrinews

Бүгін Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен ҚР Үкіметінің отырысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының осы жылдың І жартыжылдығындағы іске асырылу барысы туралы баяндады.

Е.Біртанов атап өткендей, мемлекеттік бағдарлама жеті бағыт бойынша іске асырылып жатыр.

Қоғамдық денсаулық сақтау аясында саламатты өмір салтын ілгерілету аясында бұқаралық шаралар белсене өткізіліп жатыр, осы жылдың 6 айының ішінде оған 6 млн астам адам қатысқан. Биыл халықты скринингпен қамту 1,5 млн астам адамды немесе жоспарланған көлемнен 91% құрады. Халықты иммундау 95,2% жетті.

«Алғашқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықты дамыту аясында амбулаторлық-емханалық желіні шағындап ұйымдастыру жүргізіліп жатыр. Мәселен, есепті кезеңде дәрігерлік учаскелер саны 12% артты, учаскелік дәрігерлер жүктемесі төмендеп, бекітілген тұрғындар саны 1950 құрады. Нәтижесінде АМСК жүгінулер саны 23% артты», – деді Е.Біртанов.

Бұдан өзге, Мемлекеттік бағдарлама аясында жедел жәрдем қызметінің жұмысын реформалау жүргізіліп жатыр. Мәселен, шұғыл емес шақыртулар емханаларға берілді, персоналды халықаралық стандарттарға кезең-кезеңмен оқыту жүргізіліп жатыр, еліміздің тоғыз аймағында Бірыңғай диспетчерлік қызмет құрылды.

Биыл алты айдың нәтижелері бойынша орташа жету уақыты 7 минутқа қысқарды, сәтті реанимациялау көрсеткіші 14% артты, ауруханаға жатқызуға дейін өлім-жітім азайды.

Мемлекеттік бағдарламаның медициналық қызметтер сапасын қамтамасыз ету бойынша шаралары аясында онкологиялық аурулармен күресудің кешенді жоспары бекітілді, туберкулезбен күресудің кешенді жоспары өзектілендірілді, 20 жол картасы іске асырылып жатыр. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі мен қолайлылығын оларды электронды форматта және мобильді қосымшалар арқылы көрсету арқылы арттыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.

Министр Е.Біртанов сонымен қатар ұлттық дәрі-дәрмектермен қамту саясатын іске асыру аясында амбулаторлық дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді орталықтандыру жүргізілгенін жеткізді. Сондай-ақ Бірыңғай дистрибьютор қызметінің ашықтығы арттырылды. Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, бұл сатып алулардың тиімділігін арттырып, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.

Дәрі-дәрмектермен қамтылған амбулаторлық пациенттер саны 5% артты. Амбулаторлық-дәрі-дәрмектік қамтамасыз етуді қаржыландыру өңірлердің 31 млрд теңге көлеміндегі қосымша өтінім науқанының қорытындылары бойынша 27% артты.

Елжан Біртанов осы жылдың тамыз айының соңына дейін емханаларда электронды құжаттар айналымын енгізуді аяқтаудың аса маңыздылығын атап өтті.

«Осылайша, біз еліміздегі әрбір пациент үшін жеке-жеке дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің ашықтығын қамтамасыз етеміз. Бұл сонымен қатар, әрбір пациентпен кері байланыс орнатуға мүмкіндік береді», – деді министр Е.Біртанов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, 2019 жылы халықты дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында биылғы жылдың шілде айынан бастап өңірлер үшін дәрі-дәрмектерді сатып алу және жеткізуді жүргізу бойынша шаралар басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, мемлекеттік бағдарлама аясында медициналық қызметтер көрсету нарығын қайта реттеу және жеке медициналық жеткізушілерді дамытуды қолдау бойынша жұмыстар жалғастырылып жатыр. Осы орайда кәсіпкерлерді тексеру саны 10% азайтылды.

Осылайша медициналық қызметтер нарығын қайта реттеу бойынша атқарылған істер 2017-2018 жылдың алты айының ішінде тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің санының 41% артуына әкелді.

Өз баяндамасын жалғастырған Елжан Біртанов Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындық аясында Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің (КТМКК) және МӘМС жаңа моделін қарастыратын заң жобасы әзірленгенін мәлім етті.

Биыл Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің операторы болды.

Бұдан өзге, баяндамада саланың инфрақұрылымын одан әрі дамыту аясында денсаулық сақтау саласына инвестициялар тарту жұмыстары жалғасып жатқаны аталып өтті. Есепті кезеңде өткен жылдың алты айымен салыстырғанда инвестициялардың жалпы көлемі 63%-ға өсті. Бюджеттік емес инвестициялардың ең көп көлемі шипажайлық-курорттық ұйымдарды дамытуға – 41%, көпбейінді ауруханалар мен мамандандырылған стационарларға 21% тартылды.

Елжан Біртанов бұл салада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік (МЖӘ) түріндегі инвестициялардың саны артып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдың 6 айында МЖӘ жобаларының саны 30 бірлікті құрады. Жалпы алғанда, 2016-2018 жылдар аралығында 35 млрд теңге сомасына 65 МЖӘ келісімшарты жүзеге асырылуда.

Жыл басынан бері 8 облыста пилоттық қағазсыз медициналық құжат айналымы іске қосылды, 1 шілдеден бастап еліміздің барлық қалған өңірлері қосылды. Медициналық ұйымдарда жұмыс орындарын компьютерлік техникамен жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл көрсеткіш шамамен 88% құрады.

«100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес, корпоративтік басқаруды қалыптастыру аясында Қадағалау кеңестерін құру талаптарын жеңілдету, олардың мүшелеріне қойылатын талаптарды өзгерту және кеңестің өкілеттігін кеңейту бойынша заң жобасы енгізілді. Жалпы алғанда, шаруашылық жүргізу құқығымен кәсіпорындарды Қадағалау кеңестерінің саны 23,5%-ға атқаны байқалады. Сонымен бiрге, осы жылдың соңына дейiн барлық медициналық ұйымдар шаруашылық жүргiзу құқығының (ШЖҚ) негiзiнде кәсiпорындардың заңды мәртебесiне көшетін болады. Бүгінгі таңда бірқатар өңірлерде бұл жұмыс 70-80% орындалған.

«ШЖҚ-ға көшкен медициналық ұйымдардағы дәрігерлердің орташа еңбек ақылары мемлекеттік медициналық мекемелердегі әріптестерінің алатын жалақыларынан жоғары және 157 мың тг құрады, орташа қызметкердің алатыны – 101 мың тг. Біздің кәсіпорындардың шаруашылық жүргізу құқығына көшуінің прогрессивтілігі мен тиімділігі уақытпен дәлелденді», – деді Е.Біртанов.

Адам ресурстарын тиімді басқару тұрғысынан медициналық жоғары оқу орындарының түлектері санының артуына байланысты салада мамандар тапшылығы төмендеп жатқаны байқалады. Жетекші шетелдік университеттермен стратегиялық серіктестіктің екінші кезеңі аясында елімізде және шет елдерде медициналық ЖОО-лардың профессор-оқытушылар құрамы оқытылып жатыр; студенттердің білімін аралық тәуелсіз бағалау жүйесі енгізілді; студенттердің бір курстан келесі курсқа ауысу деңгейі 2,2-ден 3 балға дейін ұлғайтылды; 2019 жылдан бастап медициналық ЖОО-ларға талапкерлерді іріктеу үшін қосымша емтихан заңнамалық түрде енгізіледі.

Ғылыми қызметтің тиімділігін арттыру үшін стратегиялық жоспарларға, даму жоспарларында, сондай-ақ бірінші басшылардың KPI-на ғылымға жұмсалатын шығындардың үлесін арттыру индикаторлары, шетелдік гранттарды тарту, медициналық білім беру мен ғылым ұйымдарындағы қызметкерлердің ағылшын тілін білу деңгейін арттыру көрсеткіштері қосылды.

Бұдан өзге, отырыста өңірлерде мемлекеттік бағдарламаны іске асыру қорытындылары және денсаулық сақтау жүйесін дамыту қорлары қаралды. Алматы облысының әкімі А.Баталов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.Ахметов, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов және Ақтөбе облысының әкімі Б.Сапарбаев баяндама жасады.

Ақпарат көзі: primeminister.kz

Хабар 24 телеарнасы