Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтар отандық көліктерді сатып алуға 71 миллиард теңге жұмсаған

  • 111

Елімізде көлік сатып алған әрбір екінші адам отандық автокөлікті таңдаған.

Бұл туралы бүгін Қазақстан автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы Олег Алферов мәлімдеді. Оның айтуынша, қазақстандық техникаға деген сұраныстың жоғары болуы өндіріс қарқынын да арттырған.

Өткен жарты жыл ішінде отандық кәсіпорындар 15 мыңға жуық техника құрастырды. Былтырғымен салыстырғанда өндіріс көлемі 67 пайызға артқан. Ал ел тұрғындары отандық көлікті сатып алуға 71 миллиард теңге жұмсаған. Нәтижесінде қазынаға түсетін салық көлемі де өсім көрсетіп, 4 миллиард теңгеге жуықтады.

Олег Алфёров, «Қазавтоөндіріс» автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы:

- Соңғы жарты жылдың қорытындыларын алып қарасақ, отандық жеңіл көлік сатылымы 2 есе өсті. 14 мыңға жуық техника шығарылды. Көліктердің басым бөлігі «Азия Авто» және «Сарыарқа» автоөндіріс компанияларына тиесілі.

Ал қазақстандықтар арасында басымдыққа ие болған жеңіл көліктерге тоқталатын болсақ, бұл рейтингтің басына «Лада» маркасы жайғасқан. Отандастарымыз көбіне «Гранта», «4*4» және «Веста» модельдеріне қызығады. Hyundai, Кіа, Jack және Ravo маркалары да жоғары сұранысқа ие. 

Олег Алфёров, «Қазавтоөндіріс» автомобиль саласы кәсіпорындары одағының басқарма төрағасы:

- Жыл басында «Қазақстанның даму банкі» бұл бағдарламаға қажетті қаражат бөлді. Нәтижесінде өткен алты айда 2269 көлік, яғни бүкіл техниканың 18 пайызы жеңілдікпен берілген несие есебінен сатып алынды. Маусым айында несиенің бұл түрін алғандар саны азайғанымен, саланы қолдауға бағытталған бағдарлама отандық автокөлік нарығының дамуына тың серпін бергені сөзсіз.

Мемлекеттік қызметкерлер мінетін көліктер де отандық зауыттардан сатып алынатын болды. Сол себепті ішкі ведомстволарда шетелдік темір тұлпарларға деген сұраныс төмендеп барады. Мәселен, былтыр олар басқа елде шығарылған 375 көлікті сатып алса, биыл мұндай техниканың саны 92-ге дейін азайған. 

Авторлары: Дариға Ташенова, Ғани Алшымбаев

Хабар 24 телеарнасы