361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды

  • 135
Шымкентте алаяқтықпен айналысқан азаматша ұсталды zanoza-news.com

Шымкент қаласында алаяқтық жолмен табыс таппақ болған азаматша ұсталды.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне қала тұрғыны арызданған, онда таныс адамы Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, ақшасын иемденіп, уәдесін орындамай кеткені туралы жазып көрсеткен.

Шымкент ҚІІБ Әл-Фараби ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдікті азаматшаны ұстады. Полиция қызметкерлерінің анықтағанындай, күдікті азаматша қаладағы сауда үйлердің бірінің алдында Астана қаласынан бірнеше пәтер алып беремін деп, сеніміне кіру арқылы алаяқтық жолмен 1 350 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін анықтаған.

Тергеу барысында ұсталған күдіктінің алаяқтықтың басқа да жайтына қатысы бар екендігін анықтауда. Қазіргі таңда күдікті қамауда.

Қазіргі таңда аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Алаяқтық» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс азаматтармен қарым-қатынас барысында сақ болуын ескертеді.

Хабар 24 телеарнасы