361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-да табиғатты ластаған кәсіпорындарға қомақты айыппұл салынды

  • 130

Шығыс Қазақстан облысындағы өндіріс орындарына 21 миллион теңге айыппұл салынды.

Экологиялық департамент мәліметінше, бұл кәсіпорындар мен зауыттардың ауаны шектен тыс ластауына орай белгіленіп отыр. Жыл басынан бері табиғат қойнауын пайдаланатын 66 өндіріс ошағы тексерілді. Табиғаттан көл-көсір пайда көріп жатқан алпауыт зауыттар экологиялық заңнамаларды белшесінен басып, лас қалдықтар шамадан тыс бөлінген. Осылайша 166 әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы хаттама толтырылды. Табиғат жанашырларының айтуынша, тіпті кейбір мекемелер дәлелденген айыппұл көлемін төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан.

Дмитрий Кавригин, облыстық экологиялық департамент басшысы:

- Айыпұлдың 15 миллион теңгесін өндіріс орындары өз еріктерімен төлеп шықты. Алайда келіспегендері де болды.  Осылайша 3 миллион теңгеге жуық сома сот шешімі арқылы мәжбүрлі түрде өндірілді. Сондай-ақ 39 кәсіпорынға табиғатқа келтірген зияны үшін 102 миллион теңгені өтеуге талап жолданды.

Хабар 24 телеарнасы