363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Зерендіде мал бордақылау алаңы салынып жатыр

  • 95
Зерендіде мал бордақылау алаңы салынып жатыр

Ақмола облысының Зеренді ауданында 10 мың бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңы салынып жатыр.

Мұндай алып құрылысты аймақтағы асылтұқымды мал шаруашылығымен айналысатын серіктестік қолға алған. Бүгінде Мәлік Ғабдуллин ауылының тұсында нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жобалық құны 4 млрд теңгеден асатын бордақылау алаңы алдағы қараша айында іске қосылады. Ал мұнда кезінде шетелден әкелініп, содан бері жергілікті жерде көбейтіліп жатқан, аймаққа жерсінген асылтұқымды ірі қаралар байлауда болады. Жоспар бойынша бұл жерде күніне 50 бас мал сойылып, еті Астана мен Ресей нарығына жөнелтілмек. Жалпы Ақмола облысының шаруалары бүгінде жылына 60 мың тоннадан астам ет өндіруде.

Нерон Ким, құрылыс учаскесінің басшысы:

- Біз әдетте кешендерді тегіс жерге салатынбыз. Ал бұл нысанның ерекшілігі, ол биік жерде орналасады. Сондықтан малдың нәжісі төмен қарай ағып кетеді. Яғни, сиырлар таза жерде тұрады. Біздің асылтұқымды ірі қаралардың салмағы 900 келіге дейін жетеді. Ал бұқалардың салмағы 1 тоннадан асады.

Хабар 24 телеарнасы