369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанның ХҚО-лары бірыңғай жұмыс кестесіне көшті

  • 99
Қазақстанның ХҚО-лары бірыңғай жұмыс кестесіне көшті dep-tranzit.mid.gov.kz

Бүгіннен бастап Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы «түнгі» үш Халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты режімге ауысады.

Олар енді дүйсенбі мен жұма аралығында таңғы 09.00-ден кешкі 20.00-ге дейін үзіліссіз жұмыс жасайды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының сайты хабарлайды.

Еске салайық, 00.00-ге дейін сынақ режімде жұмыс жасайтын фронт-кеңселер Астана қаласының №2 Есіл аудандық бөлімінде, Алматы қаласының №1 Әуезов аудандық бөлімінде және Шымкент қаласының №5 бөлімінде жұмыс жасаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы