361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысындағы Созақ ауданын 3 мыңнан астам турист аралады

  • 202
Түркістан облысындағы Созақ ауданын 3 мыңнан астам турист аралады

Биылғы жылы Түркістан облысы Созақ ауданының көрікті жерлерін аралауға 3 мыңнан аса турист келген.

Мамандардың болжамынша, жыл соңына дейін ауданға келетін саяхатшылардың саны 4 мың 200-ге жетеді деп жоспарлануда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда әлде қайда жоғары. Ауданда туристерді қызықтыратын тарихи нысандар жетерлік. Мәселен, Баба Түкті Шашты әзіз, Ысқақ баб, Қара бура, Ақбикеш кесенесі туристік бағытқа енген. Созақ ауылындағы Қанаи Хақ мешіті де туристердің жиі бас сұғатын орыны. 19 ғасырда салынған көне мешітінің композициясына Орталық Азия мен орыс архитектурасының элементтері қатар қолданылған. Кеңес заманында астық қоймасы, ауыл клубы болғанымен мешіттің барлық бөлігі, тіпті ішкі өрнектеріне дейін бүлінбей тұтас сақталған. 

Арман Хафизов, Созақ ауылының тұрғыны:

- Мешіттің ұзындығы 34 метр, ені 24 метр, биіктігі 15 метр, дуалының қалыңдығы 1,5 метр. Ішкі ою-өрнектері, ағаштары, сыры салынған күйінде сақталып қалған.

Хабар 24 телеарнасы