356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Таразда героин сатқандар ұсталды

  • 130
Таразда героин сатқандар ұсталды

Қылмыстық топтың құрамында бұрын сотталған үш адам болған.

Олардың үшеуі де – облыс орталығының тұрғындары. Екеуінің отбасы және балалары бар. Ұсталған азаматтар кінәсін мойындап, Тараз қаласындағы уақытша тергеу изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Гүлсара Мұхтарқұлова, облыстық ІІД баспасөз хатшысы:

- Полиция қызметкерлері мен күдіктілердің үйін тінту барысында 383 грамм героин және 20 грамм гашиш табылған болатын. Аталмыш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Егер күдіктілердің кінәсі толықтай дәлелденсе, олар 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Күдіктілердің жас ерекшеліктері 30-35 шамасында.

Хабар 24 телеарнасы