352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлдық бүлдіршінге нақты диагноз қойылды

  • 124

Петропавлдық Расул Нұржанға дәрігерлер нақты диагноз қойды. Сәбидің миы қабынған. Медициналық тілмен айтсақ энцефалит.

Өкінішке орай әлемде бұл дерттің емі жоқ көрінеді. Естеріңізде болса, бұған дейін өңірдегі тілшілеріміз қызылжарлық Расулдың белгісіз дертке шалдыққанын хабарлаған болатын. Қазір Расул Астанадағы Ана мен бала ғылыми орталығында жатыр. «Баланың жағдайы көңіл қуантпайды», - дейді дәрігерлер.

Алтыншаш Джақсыбаева, невролог:

-Жағдайды баланың ата-анасына да мамандарға да түсіндірдік. Біз қойған диагноз бойынша әлемдегі қандай да бір клиника ем беруге келіссе, біз қорға ұсыныс хатын беруге дайынбыз. Өйткені қайырымдылық қорларына қандай да бір науқасты шетелге емдетуге жіберу алдында бізден оның қаншалықты орынды екенін сұрайды. Өйткені бұл аз ақша емес. Өкінішке орай кей жағдайларда тіпті шетелдін мықты деген мамандары да көмектесе алмайды.

4 жасар Расулдың ата-анасы үміттерін үзгісі жоқ. Баласын шетелге апармақ ниетте. Халықтың асарлатуымен қазір Нұржановтар отбасының шотында 15 млн теңге жиналған. Әлбетте баланы шетелге апаруға бұл қаражат жеткіліксіз. Әзірге Расулға көмектесуге ниет білдірген шетелдік медициналық мекеме табылған жоқ. Жігері құм болған отбасы Денсаулық сақтау министрлігінен көмек сұрайды.

Руслан Нұржанның әкесі:

- Бізді берер күннен кейін Ана мен бала орталығынан шығарып қайта Петропавлға жіберейін деп отыр. Дәрігерлердің айтуынша, баламның санаулы күндері қалған. Қазір қолдау терапиясы жүргізілуде. Біз әліде медициналық тексерулер жүргізгіміз келеді. Естуімізше, Санк-Петербургте нейроинфекциялар институты бар. Жеті жыл бұрын дәл осындай диагнозбен барған қазақстандық балаға басқа диагноз қойылып, Германияда емделгенін білеміз. Қазір жалғыз өзім қайда барып кімнен көмек сұрарымды білмеймін. Баламды құтқаруға министрліктен көмек сұраймын.

Хабар 24 телеарнасы