356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жүргіншілерге жолүсті өткелі салынып жатыр

  • 90
Ақтөбеде жүргіншілерге жолүсті өткелі салынып жатыр

Ақтөбеде жаяу жүргіншілерге арналған алғашқы жолүсті өткелі салынып жатыр.

Әлия Молдағұлова атындағы даңғылда орналасатын өткелде мүгедектерге арналған лифт болады.Ұзындығы 32, биіктігі 6 метрлік өткелде жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жарық шамдары орнатылады. Қазір негізгі құрылғыны монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы, жыл соңына дейін қалада тағы 2 өткел салу жоспарда бар. Олардың әрқайсының құрылысына 60 млн теңге бөлінеді. Жер үсті өткелдері жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, көлік қозғалысын реттейді. Одан бөлек қалада ірі жолайырық пен жерасты жолының құрылысы да жүріп жатыр. Көлік кептелісін азайту мақсатында салынып жатқан құрылысқа облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлінді.

Руслан Төреғали , қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

- Бұл яғни, қажеттілік, бұл жаяу жүргіншілер жолы арқылы сағатына 200 -ден астам адам өтетін болады. Осыған орай, бағдаршаммен шектелмей, және де осы қалалық орталық көшеде көлік кептелісін болдырмау мақсатында жаяу жүргіншілер жолдары салынуда. Біріншісіне құрылғысын қойдық, екіншісінде жұмыстар жалғасуда.

Айтжан Сариева, қала тұрғыны:

- Мына жерден өткенде үнемі қорқып, шалымыз екеуіміз қорқып өтіп жүрдік. Әрине аман-сау өтіп жүрдік ғой. Енді анадан өтіп көрсек, одан да жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы