Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтарды шетелге саудалаған Иордания азаматы ұсталды

  • 181
Қазақстандықтарды шетелге саудалаған Иордания азаматы ұсталды Zakon.kz

Қазақстандықтарды шетелге саудалаған Иордания азаматы Амер Саламех Грузиядан Астанаға жеткізілді.

Бұл туралы еліміздің Бас прокуратура өкілдері хабарлады. Естеріңізге салайық, Саламехты 2016 жылдан бері Қарағанды облысының Ішкі істер департаменті іздестірген. Ол жергілікті бойжеткендерді сыртқа шығарып, есірткі делдалдары ретінде пайдаланбақ болған. Көп уақыт бойы күдікті басқа елде жасырынып келген. Сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланды. Қазір Саламех тергеу изоляторында қамауда отыр.

Хабар 24 телеарнасы