352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде оқушыларға тегін оқулықтар үлестіріледі

  • 162

Ақтөбелік мектеп оқушылары жергілікті бюджет есебінен оқулықтармен қамтылады. Ол үшін облыстық бюджеттен 1 млрд 623 млн теңге бөлінген.

Қазіргі таңда жаңартылған жүйемен оқытылатын 3, 6 және 8 сыныптарға қажетті әдебиеттер алынып болды. Оқу жоспарына биыл енгізілген «Өлкетану» пәні бойынша әдістемелік құралдар да тегін берілетін кітаптардың қатарында. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында әзірленген оқулықтар әр өңірдің географиялық-табиғи ерекшеліктеріне сай жасақталған. Ақтөбе облысының тапсырысы бірнеше баспаханада қатталу үстінде. Салалық ведомство оқулықтардың сапалы әрі уақытында басылып шығуын қадағалайды.

Ләззат Оразбаева, облыстық білім басқармасының басшысы: 

- Осы оқулықтарды сатып алу үшін 15 баспамен 155 келісім-шарт жасалды. Келісімшарт негізінде 15 тамызға дейін бізге байланысты бізге қажетті оқулықтар басылып шығарылу керек. Және 25 тамызға дейін осы Ақтөбе облысына жеткізілуі керек.

Хабар 24 телеарнасы