359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалықтың жылу орталығында жаңа турбогенератор орнатылады

  • 117
Арқалықтың жылу орталығында жаңа турбогенератор орнатылады

Қостанай облысы Арқалық қаласының жылу энергетикалық орталығында жаңа турбо-генератор орнату жоспарланып отыр.

Бұл мекеме жанынан қосымша қуат өндіруге мүмкіндік береді. Осы мақсатта бюджеттен 600 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. Жылу орталығында бұған дейін де осындай қондырғы қойылған. Ол бір жылу маусымында 3 МВт электр қуатын өндіреді. Алайда бұл барлық сұранысты қамтуға жеткіліксіз. Ал жаңа турбогенератордың өнімділігі 2 МВТ.

Батыр Бекешев, Арқалық ЖЭК директоры міндетін атқарушы:

- Енді біз электр қуатын сатып алудың қажеті болмайды, себебі энергияны өзімізде өндіреміз. Артылғанын өзге тұтынушыларға сата аламыз. Жаңа технологияны қолдану жылу орталығының шығынын азайтады.

Хабар 24 телеарнасы