352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда Хакатон цифрлық жобалар байқауы ұйымдастырылды

  • 102
Қарағандыда Хакатон цифрлық жобалар байқауы ұйымдастырылды

Оған белсенді жастардан құралған 13 команда жиналып бақ сынасты.

Жастардың ұсынған жобалары заманауи  IT-бағдарламалардан тұрады. Олардың  ішінде  мемлекетімізде көрсетілетін электрондық қызметтерді  бірыңғайландырып, ақпараттық жүйені әлдеқайда жылдам және сапалы ететін жобалар бар. Байқаудың жүлде қоры – 1 млн теңге. Үздік деп танылған жобалардың бірі – «Ақылды кезек» атты бағдарлама. Бұл электрондық жүйе мемлекеттен бөлінетін тұрғын үй кезегін жүргізу үшін даярланған.

Артем Нармағамбетов, Хакатонға қатысушы:

- Бұған дейінгі ескіріп қалған электрондық жүйелердегі ақпарат бір серверде сақталған. Ал заманауи блокчейн базадағы бүкіл ақпараттың көшірме қорын сақтап отырады. Бұл жаңа технология өзгертулер енгізуге жол бермейді.

Хабар 24 телеарнасы