359.76 423.70 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда шекарашыларға арналған жаңа оқу полигоны ашылды

  • 164

Контрабандалық өнімдерді дереу анықтауға мүмкіндік беретін орталықта үш жүк көлігін қатар тексеретін нысан, бес вагондық теміржол перроны мен ұшақтың оқу салоны бар.

Жас сарбаздар арнайы алаңда тәжірибе жинақтап, білімдерін шыңдайды. Оларға шет мемлекеттерден шақыртылған білікті мамандар дәріс береді. Бұл құрылысқа 2 миллион АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсалған. Әзірге мұндай Орталық Азия елдерінде тек Қазақстанда ғана бар.

Дәулет Жұмабеков, ҚР Шекара қызметі директорының орынбасары:

- Бұл ашылып отырған оқу-жаттығу полигоны болашақта біздің елдің шекара қызметінің мамандары ғана емес, кеден мамандарын да және Қырғыз Республикасының, Тәжікстан Республикасының, Ауғанстан Республикасының шекарашыларының дайындық бағытында оқу сапасына көп пайдасын тигізетін полигон болады.

Хабар 24 телеарнасы