352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында 23 инвестициялық жоба іске асырылады

  • 112
Ақтөбе облысында 23 инвестициялық жоба іске асырылады

Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдау картасына 23 инвестициялық жоба енді.

Олардың 14-і іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Жалпы, картаның екінші бесжылдығында 3 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланған. Өңір экономикасы үшін маңызды жобаларды іске асыруға 250 млрд теңге қаржы құйылады. Ең ірі жобалардың қатарында газ өңдеу зауытының құрылысы мен алтын кенішінде салынатын тау-кен байыту комбинатының жобасы бар. Одан бөлек, металл құрылғыларын шығаратын кәсіпорын, силикат кірпіш цехы мен хром қалдықтарын өңдеу зауыты да бар. Өндірістік нысандардың біразы индустриалды аумақта орналасады. Мұнда жыл соңына дейін тағы бірнеше нысан бой көтереді.

Руслан Оразғалиев, облыстық ИИД басқармасының бөлім басшысы міндетін атқарушы:

- Ақтөбе облысы инвесторларға қолайлы болып табылады. Өйткені географиялық жағынан орналасуы, барлық мемлекеттік қолдау шараларын облыс пайдаланады. Сонымен қатар облыста Ақтөбе индустриалдық аймағы бар, қазіргі уақытта аталған аймақта 14 жоба іске асуда.

Хабар 24 телеарнасы