356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Республика бойынша оқулықтардың 98,2%-ы баспалардан өңірлерге жөнелтілді

  • 124
Республика бойынша оқулықтардың 98,2%-ы баспалардан өңірлерге жөнелтілді SN.kz

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында білім беру ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесіне басты назар аударып, күнделікті мониторинг жүргізуде.

Жалпы республика бойынша 2018-2019 оқу жылына жаңартылған білім мазмұнына көшетін 3, 6 және 8 сыныптарға арналған 12 миллионнан астам оқулық сатып алынды. Аталған сыныптардағы оуқшылар саны – 906 мың.

Баспалар оқулықтардың сапалы түрде басылып шығарылуын, олардың форматына және салмағына қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз етті. Биылғы оқулықтардың өткен жылдардағы оқулықтардан айырмашылығы –  олардың электрондық нұсқасына қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін QR-код орналастырылуы.

Республика бойынша орташа есеппен баспалардан өңірлерге оқулықтардың 98,2% жөнелтілді, 92,5% білім беру нысандарына жеткізілді.

Жамбыл, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы оқулықтарды 100% өңірлерге жөнелтті.

Сонымен қатар бірқатар өңірлерде тасымалдаушылардың өз міндеттерін дұрыс орындамауына байланысты оқулықтардың уақытылы жеткізілмеу қатері туындап отыр. Осы себептерден Ақмола облысының 6 ауданы, Қостанай облысының 3 ауданы, Шығыс Қазақстан облысының 2 ауданы, Қызылорда облысының 1 ауданы оқулықтарды өз күшімен тасымалдауға мәжбүр.

Қостанай облысының Наурызым ауданы да осы себепті «Қазпошта» АҚ-мен қайта келісімшартқа отырды.

Қазіргі кезде барлық білім беру субъектілері оқу әдебиетін жеткізу мәселесімен белсенді түрде айналысуда. Оқулықтарды жөнелту және жеткізу процесі өңір әкімдіктері мен білім басқармалары басшыларының қатаң бақылауында.

Хабар 24 телеарнасы