361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алакөлде биыл 600 мыңнан астам саяхатшы демалды

  • 148
Алакөлде биыл 600 мыңнан астам саяхатшы демалды

Үржар аудандық әкімдігінің мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысындағы Алакөл жағалауына биылғы жазда 600 мыңнан астам саяхатшы келіп демалған.

«Бұл – рекордтық көрсеткіш», – дейді мамандар. Туристердің 10 мыңы пойызбен, 6 мыңы әуе қатынасымен, 40 мыңға жуығы автобустармен, ал қалғандары жеке көліктерімен келген. Былтыр 147 демалыс орны қызмет көрсетсе, биыл олардың саны 20-ға көбейген. Жеке кәсіпкерлер жаңа нысандарды тұрғызуға 200 миллион теңгеден артық қаржы құйған. Соңғы 3 жылда көл жағалауын абаттандыру мен инфрақұрылымды жақсартуға мемлекет қазынасынан 5 миллиард теңгеге жуық қаражат бөлінгенін де атап өткен жөн. Биыл салық түсімдері де арта түседі деген болжам бар.

Дидар Хамитов, Үржар ауданы әкімінің орынбасары:

- 11 миллиард айналым болса, оның ішінде былтыр 30-ақ миллион қаражат түскен. Биылдан бастап бұл шаруа облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының қатаң бақылауында, биылғы жылы сол цифрларды, Кірістер департаменті ақпаратына сәйкес, 70 миллион теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы