352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«7-20-25» бағдарламасы: ең қымбат пәтерлер Астанада

  • 184
«7-20-25» бағдарламасы: ең қымбат пәтерлер Астанада Алау

Серіктес банктердің мақұлдаған есептерін талдау бойынша Астанада «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатып алып жатқан баспананың орташа құны 15 270 000 теңгені құрайды.

Бұл туралы «Баспана» ипотекалық ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, Елорда Инфо хабарлайды.

Сондай-ақ «Баспана» ипотекалық ұйымының мамандары Атырау қаласының тұрғындары Алматыға қарағанда қымбатырақ баспана таңдап жатқанын анықтаған. Атырауда орташа есеппен 13 480 000 теңгеге тұрғын үй сатып алса, алматылықтар шамамен 12 900 000 теңгелік пәтерлерге үйір. Алайда бағдарламаға қатысушылар саны жағынан алматылықтар алда келеді.

Бағдарлама аясында тапсырыс берілген баспананың ең арзаны Қостанайда. Қостанайдағы үйдің орташа бағасы 7 400 000 тенгені құрайды. Арзан баспанасымен мақтана алатын өңірлер қатарында Ақтау (баспананың орташа бағасы - 7 900 000 теңге) мен Ақмола облысы (баспананың орташа бағасы - 8 170 000 теңге) да бар.

25 тамыз күнгі мәлімет бойынша 1803 азамат «7-20-25» бағдарламасына қатысуға ниет білдіріп, 21,3 млрд теңге сомасына тапсырыс берген. Оның ішінен 14 млрд теңге сомасына 1190 азаматтың өтініші мақұлданды.

Қазіргі таңда «7-20-25» бағдарламасы аясында Центркредит банкі, АТФБанк, ЦеснаБанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк халыққа несие беруде.

Хабар 24 телеарнасы