352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде жол ақысы қымбаттайды

  • 132

Ақтөбе қалалық мәслихат бүгін жаңа тарифті бекітті.

Бұған дейін жол жүру ақысы 55 теңге болса, енді 80 теңгеге көтерілді. Зейнеткерлерге, Ауған соғысы ардагерлері мен Чернобыль апатының зардабын жоюға қатысқандарға жеңілдік жасалды. Олар 60 теңгемен жүреді. Тариф бекітілмес бұрын қалада қоғамдық тыңдаулар өтті. Жолаушылар тасымалымен айналысатын 2 кәсіпорын жол жүру бағасын 200 теңгеге дейін көтеруді сұраған болатын. Алайда, жергілікті депутаттар бұл ұсынысты қабылдамай, тарифті 80 теңге қылды. Тасымалдаушы кәсіпорындар 1 ай ішінде барлық автобусқа JPS қондырғысын орнатулары тиіс. Одан бөлек, жыл соңына дейін электронды билет жүйесін енгізу міндеттелді. Қалада 52 бағыт бойынша 340 автобус жолаушылар тасымалдайды.

Руслан Төреғали , қалалық жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы:

– Осы күнге дейін айтылып келген жол ақысын көтеру мәселесі бойынша барлық адамдарға жалпы қала аумағында 80 теңге болады. Заңға сәйкес, ҰОС ардагерлері тегін жүреді. Оқушылар 7-15 аралығында 50 пайыз жеңілдікпен жүреді. Қай мерзімнен бастап 80 теңге болатынын қосымша хабарлайтын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы