352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Е.Біртанов түнде Астанадағы балалар ауруханасын тексеруге барды

  • 629

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өткен түнде тосыннан Астанадағы №2 балалар ауруханасына барып, жұмысын тексерді.

Қасында АҚШ оқымыстысы Михаэл Дрешер болды. Әлгі тексеріс министрліктің фейсбуктегі парақшасында тікелей эфирде таратылды. Министр дәрігерлермен сөйлесіп, жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне қатысты сыни пікір айтты. Айтпақшы, Елжан Біртанов бүгін шамамен 16:20-да Орталық коммуникациялар қыметінде баспасөз мәслихатын өткізеді. Министрге біздің әріптестер де сауал дайындап отыр.

Хабар 24 телеарнасы