359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде әрбір тұрғын үйдің өз бірлестігі болады

  • 184

Жаңа ұйым жинақ шотын ашып, қаржыны тиімді жұмсау жоспарын бекітеді.

Бұл туралы баспасөз өкілдерімен өткен жиын барысында құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту депараменті директорының орынбасары Марғұлан Әбдікәрімов мәлімдеді. Оның айтуынша, жақын арада тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша заңнамаға өзгерістер енгізілмек. Үй иелері өз араларынан бірлестік төрағасын таңдай алады. Алайда ешкім бұл қызметті атқарғысы келмесе білікті менеджер жалданады. Осыған орай үйдің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру жоспарланған.

Хабар 24 телеарнасы