369.36 436.00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісулық шаруалар биыл 200 тоннадан астам сиыр етін экспорттады

  • 87

Алматы облысында мал бордақылау алаңдары көбейді.

Жетісулық шаруалар биыл 200 тоннадан астам сиыр етін экспорттады. Қазір Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне ірі қара мал етін сату бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Осыған байланысты облыста ірі қара мал бордақылайтын алаңдар көбейіп келеді. Бүгінде 60 мыңнан астам малды бір мезгілде баптап сапалы ет дайындауға мүмкіндігі бар 91 алаң жұмыс істеп тұр. Жыл аяғына дейін тағы 4 шаруашылық бірігіп, 1150 басқа арналған мал бордақылау алаңын іске қосады.

 

Автобус өртіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр

Ақтөбеде 52 адамның өліміне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Сарыағаш аудандық сотымен онлайн байланысқа шығып, жәбірленуші тарапты тыңдады. Автобус өртенгенде қаза болған өзбекстандық азаматтардың туыстары жердің қашықтығына байланысты Ақтөбеге келе алмады. Қаңтар айында Шымкент қаласынан Ресейге бет алған жолаушылар автобусында аяқ астынан өрт тұтанып, 52 Өзбекстан азаматы қаза тапқан еді. Бұл қылмыстық істе 5 адамға айып тағылды. Олардың үшеуі – автобус жүргізушісі.

 

Аягөзде сауда үйі өртенді

Аягөз қаласында сауда үйі өртенді. Ғимарат орталық базар аумағында орналасқан. Нысан маңындағы ағаш жақтаулардан бастап, киім-кешек және тұрмыстық тұтыну заттарының бәрі отқа оранды. Жалын ғимараттың түкпірінен шыққандықтан, құтқарушылар арнайы тыныс алу аппаратымен кіруге мәжбүр болды. Бір жарым сағат ішінде өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау 120 шаршы метр аумақты күлге айналдырған.

 

Ақмола облысында егін орағы қарқын алып келеді

Қазір елімізде егін орағы қызу жүріп жатыр. Бүгінде дейін Ақмола облысының шаруалары жалпы алқаптың 12 процентін жинап алды. Астықты қамбаға құюдан Есіл, Жарқайың және Атбасар сияқты өңірдегі оңтүстік аудандар көш бастап келеді. Жалпы биыл облыста 4 жарым млн гектар жерге дән себілді. Енді күзгі жиын-терімде қамбаға 5 млн тоннадан астам астық жинау жоспарда бар. Облыс бойынша сыйымдылығы 4 млн 400 мың тонна болатын 67 астық сақтау қоймасы жұмыс істеп тұр.

 

Хабар 24 телеарнасы