352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында дәрігер жетіспейді

  • 88

Биыл университет бітірген 107 түлек облыстағы емдеу мекемелеріне жұмысқа орналасу туралы өтініш жазған.

30  маман қызметіне кірісіп те кетті. Жалпы, өңірде 80-ге жуық дәрігердің орыны бос тұр. Биыл ауыл-аудандарды медицина қызметкерімен  қамтамасыз ету 4 пайызға өскеннің өзінде, кадр тапшылығы бар. Қазіргі таңда 10 мың тұрғынға шаққанда, 33 дәрігер ем-дом жүргізеді. Яғни, республика бойынша төртінші орында тұр. Өңірдегі маман тапшылығын жою  мақсатында, облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен Марат Оспанов атындағы мемлекеттік медицина университеті арасында келісім-шарт жасалған. Одан бөлек, 3 жылдан бері облыс әкімдігі қосымша оқу грантын бөліп отыр. Өткен жылдары 8 грант бөлінсе, биыл 45 студент тегін оқу мүмкіндігне ие болды.

Әсет Қалиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Биыл тек резидентура емес, бірінші курс бакалавриат 30 түлекке биыл мектеп бітірген, әкімшілік грантын бөліп, оқуға қабылдадық. Сонымен биыл біз қосымша 45 дәрігер дайындауға грант бөлдік. Бұл бара-бара маман тапшылығын жоюға жағдай жасау керек. Сонымен қатар, оқу бітірген мамандарды жұмысқа тарту үшін оларға пәтер беру, көтерме ақы беру мәселесін де жанжақты қарап жатырмыз. Соңғы 2 жылда біздің Ақтөбе облысында, облыс орталығының өзінде дәрігерлерге 32 пәтер берілді.

Хабар 24 телеарнасы