356.54 417.80 5.38
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Кәріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ашылды

  • 53
БҰҰ-дағы Қазақстанның Тұрақты өкілдігінде Кәріпбек Күйіковтің суреттер көрмесі ашылды

Туындыларда ядролық жарылыстардың жойқын салдары мен одан адамдардың тартқан зардабы бейнеленген.

Жерлесіміздің көрмесін ұйым басшылары, түрлі елдер миссияларының жетекшілері, қоғам қайраткерлері мен журналистер тамашалады. Осы ерекше экспозицияның ашылу салтанатында жаппай қыру қаруын жоюға және ядролық сынақтарды өткізуге тиым салатын Келісімшарттың күшіне енуіне үндеу жасалды.

Кәріпбек Күйіков, суретші, АТОМ жобасының құрметті елшісі:

- Біз болмасақ, бүгінде дүниеде болып жатқанның жартысын жұрт естімейтін еді. Осының бәрін көріп, зардабын тартқан адамдармыз. Әлем әрі қарай жағдайды өзгертуге уақыт қалмайтын бір шекке келді. Мақсатымызға жетпейінше бұл туралы ескертуден шаршамаймыз. Ал мақсатымыз – ядролық қаруды толығымен жою.

Хабар 24 телеарнасы