352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада қант тапшылығы болмайды

  • 88
Астанада қант тапшылығы болмайды chinimandi.com

Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын қалыптастыру шеңберінде 1500 тонна қант сатып алынған, деп хабарлайды Елорда Инфо «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі күнде 944,5 тонна болатын қант қоры бар, қаладағы ірі сауда орындарында қанттың 1 келісі 240 теңгеден артық болмайтын бағамен сатылуда.

Қордағы қант көлемі делдал ұйымдардың саудагерлік қимылдарына жедел әсер етуге және Астана қаласында қант жетіспеушілігінің алдын алуға жеткілікті.

Сондай-ақ қаладағы сауда орындарындағы қант бағасына бақылау жүргізіледі (Мысалы: бір келі қант бағасы «Магнум» СО – 213 теңге, «Small» СО – 203 теңге, «Кеңмарт» СО – 239 теңге және «Шапағат» КБ – 215 теңге) және баға көтерілген жағдайда тауар интервенциясына қатысты жүзеге асырылып жатқан шаралар жедел түрде күшейтілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы