Алматы облысында жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,39

EUR 409,95

РУБ 5.43

Алматы облысында жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр

<span class=favorites>Алматы облысында жоғалған жігіт іздестіріліп жатыр</span> Nur.kz

Алматы облысында тағы бір жас жігіт жоғалып кетті.

Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылының тұрғыны Иман-Зуппар Темірхан ақпан айының 6-сы күні Алматыға барамын деп үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. 1994 жылы дүниеге келген оны адамдар соңғы рет Алматы қаласынан көріпті. Бірнеше күннен бері ұялы телефоны өшіп тұр. Жоғалған жігітті іздестіру жұмыстарына Алматымен қатар Жамбыл облысының полиция қызметкерлері де жұмылдырылды. Туған-туыстары суреттегі Иман-Зуппар Темірханды көргендер болса, экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Көбейхан Нұрахмет, облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілі:

- Тұрған жері – Шамалған ауылы. Қарасай ауданынан. Өзі 1994 жылы туған. Егер де біреу осы жоғалған жігіт бойынша қандай да бір дерек білетін болса, оны бүкіл біздің полиция қызметкерлеріне хабарлауларыңызды сұрап отырмыз.

Телефон: +7 701 335 73 39, +7 702 566 66 52

Хабар 24 әлеуметтік желілерде