352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбе облысында теміржолдың бойында дала өрті болды

  • 209
Ақтөбе облысында теміржолдың бойында дала өрті болды Ак Жайык

Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық ауылынан 25 шақырым жердегі теміржолдың бойында дала өрті болды.

Жол жиегіндегі жасыл белдеу мен құрғақ шөп жанды. Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің «өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» мемлекеттік мекемесінің жеке құрамы шықты. Барлығы 70-тен астам адам мен 10 техника жұмылдырылып, өрт дер кезінде сөндірілді. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағында 353 өрт оқиғасы тіркелсе, оның екеуі Ырғыз және Қобда аудандарында болған орман өрті. Далалықта 35 рет құрғақ шөптің жану оқиғалары болған.

Дайындаған: А.Байменшина

Хабар 24 телеарнасы