Атырауда көп қабатты тұрғын үй өртенді - Соңғы жаңалықтар, Қазақстан жаңалықтары, фото, онлайн, видео, Хабар 24

USD 360,72

EUR 409,95

РУБ 5.36

Атырауда көп қабатты тұрғын үй өртенді

Атырауда көп қабатты тұрғын үй өртенді

Атырау қаласындағы Молдағалиев көшесіндегі көп қабатты үйдің бірінен өрт шықты.

Оқиға орнына жедел жеткен арнайы қызмет мамандары он адамды құтқарған. Олардың жетеуі бала. «Әйтеуір ешкім жарақат алған жоқ, тек түтінге уланған» дейді дәрігерлер. Қазір зардап шеккендер мамандардың бақылауында.  

Әділғапар Жұманов, өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметінің басшысы:

- Қазіргі таңда 14 адам құтқарылды. Автосатымен 7 бала және 3 ересек адам. Сонымен қатар ішкі үй сатысымен 4 адам құтқарылып отыр. Өртті сөндіруге  20 адам жұмылдырылып отыр осы жерде 2 автоцистерна және бір автосаты қолданылды.

Хабар 24 әлеуметтік желілерде