369.36 436.00 5.46

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана халқы мұз ханзадасымен қоштасып жатыр

  • 923

Алматыдағы қаралы жиынмен қатар, Астанада да Денис Тенмен қоштасу рәсімі ұйымдастырылды.

Оған елордадағы спорт қауымдастығы өкілдері, бапкерлер мен спортшысын жоқтаған қала тұрғындары қатысты. 

Еліміздің айбынын асырып, талай мәрте әлемдік аренада халқымыздың намысын қорғаған біртуар спортшы, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенмен қоштасу рәсімі Астанада Барыс Арена спорт кешешінде өтті. Елорда тұрғындары сүйікті ұлын соңғы сапарға шығарып салуға көптеп жиналды. Денис Теннің қапыда көз жұмуы қалың елдің қабырғасын қайыстырып кетті. Даңқты ұл қамшының сабындай ғана қысқа ғұмырында талай белестерді бағындырды. Дениспен қоштасу рәсімінде еліміздің министрлік өкілдері Қазақстан Республикасындағы Корея және Жапония елшілері, танымал спортшылар сөз алып, марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғыларына ортақстасты.

Диас Үкімет, № 8 мамандандырылған спорт мектебі басшысының орынбасары:

– Біз балалар мен жасөспрімдерге арналған мамандандырылған спорт мектебінің атынан келіп отырмыз. Ата-анасына көңіл айтамыз.

Нұржәмилә Аманова, Жезқазған қаласының тұрғыны:

– Оқиғаны естіп, үйде жата алмадым. Жезқазғаннан балаларыма келгенмін. Әдейі қоштасуға келіп тұрмын. Ата-анасына көңіл айтамын.

Дәл осы Барыс Аренада Денис Астананың 20 жылдығына орай «Денис және оның достары» атты шоуын өткізген болатын. Осы жерде қоштасу рәсімі өтті. Мұз айдынының ханзадасы атанған Денис қазақ халқының жүрегінде мәңгі сақталады.

Хабар 24 телеарнасы