352.90 417.80 5.31
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды

  • 158
Түркістан облысында автобус жүк көлігімен соқтығысып, бір адам көз жұмды Today.kz

Түркістан облысында болған жол-көлік оқиғасынан он адам зардап шегіп, біреуі қайтыс болды.

Жол апаты 12 тамызда шамамен 17.30-да Алматы-Ташкент-Термез тас жолында болған. Шымкенттен Сарыағашқа бет алған автобус жүк көлігінің артқы жағымен соқтығысқан.

Нәтижесінде жол-көлік апаты салдарынан Өзбекстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Ал түрлі деңгейдегі жарақат алғандар өңірдегі Қазығұрт және Сарыағаш аудандық ауруханаларына жеткізілді. Аталған жайт ҚР ҚК-нің «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабымен тіркелді. Бірқатар сараптамалар тағайындалды. Автокөліктер айып тұраққа қойылды. Полиция қызметкерлері апаттың себептерін анықтауда.

Авторы: Нұрбек Байбосын

Хабар 24 телеарнасы