352.09 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Өскеменде букмекерлік кеңсе кассиріне қарақшылық шабуыл жасалды

  • 106

Өскеменде букмекерлік кеңсе кассиріне қарақшылық шабуыл жасалды.

25 жастағы қыз бетін жейдемен жапқан бір азаматтың өзін пышаққа ұқсас затпен қорқытып, 4500 теңгесін алып кеткені жайлы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары ол жердегі бейнебақылау жүйесінен оқиға барысын көріп, таспаға түсіп қалған азаматтардың бейнесін анықтауға тырысады. Күдікке оқиғадан 40 минут бұрын сол жерде болған бір адам іліккен. Полиция қызметкерлері оның жеке тұлғасын бірден анықтады, ол бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған 26 жастағы Семей қаласының азаматы болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы